Үйленейік ғашығым lyrics

Азия тобы

2018

14
1

Share:



Өмірге мəн берген көңілге сəн берген
Жанымның тəтті шекерім
Көркіңді көргенде түсіндім сол кезде
Баянды бағым екенін
Жұпарың аңқиды
Жүрегім балқиды
Қасыңнан қалай кетемін
Ақ көйлек кигізіп
Бетіңнен сүйгізіп
Қалайда жарым етемін

Қайырмасы
Үйленейік ғашығым
Əкең білсін ашығын
Біз қашанғы кездесеміз жасырын
Үйленейік ғашығым
Шашылғаның шашуым
Келіспесең мүмкін алып қашуым

Сүйкімді көзіңмен сиқырлы сөзіңмен
Жүрекке жебе түйредің
Тек сені қиялдап əнімді жиі арнап
Жатырмын жалғыз үйдемін
Төріме сен келмей
Тал бесік тербелмей
Жабырқау көңіл күйдемін
Тең болсын терезем кең болсын керегем
Қасыма келші сүйгенім

Қайырмасы
Үйленейік ғашығым
Əкең білсін ашығын
Біз қашанғы кездесеміз жасырын
Үйленейік ғашығым
Шашылғаның шашуым
Келіспесең мүмкін алып қашуым
Азия тобы, Үйленейік ғашығым lyrics, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

25.05.2018