Азамат Бекбергенов Қазақ аруы lyrics

Қазақ аруы Азамат Бекбергенов

Қазақ аруы

1
0

Share:


Lyrics



Әуелден қыз - өмірдің қызғалдағы,
Сұлу жар - ер-жігіттің ізгі арманы.
Қызықса сұлулыққа қызыққаны,
Қызғанса, сұлулықты қызғанғаны.
 
Әуелден жат жұрттық қой қыз дегенім,
Сол болар қалыңдыққа іздегенің.
Жақсы жар жан бағыңды жаз етеді,
Ойлама көңіліңе күз келерін.
 
Қайырмасы:
Болғанда қабағың Ай, ажарың Күн
Бақыты ортаймайды базарымның.
Ақылы ажарына қорған болған,
Жайнай бер, арулары қазағымның.
 
Ана ғой - қыз баланың болашағы,
Аруға ана болу жарасады.
Сұлудың тілегі - ізгі, жүрегі – ізгі,
Жар еткен азаматтың бағы асады.
 
Қайырмасы:
Болғанда қабағың Ай, ажарың Күн
Бақыты ортаймайды базарымның.
Ақылы ажарына қорған болған,
Жайнай бер, арулары қазағымның.



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

22.01.2016


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz