Ұстазыма lyrics

Асылан Ардақ

0
0

Share:


Асқақ арман көңілдің гүл сезімі,
Ардақтаймын білім берген ұстазды.
Анамдай ақыл айтып білім құйдың санама,
Жақсы көрем Арина апай өзіңді.

Күндер өтіп міне 9 оқып қалыптым,
Білім алып келемін Абай орта мектепте.
Ақыл айтып білім берген ұстаздар,
Сол білімді ақтай білу арманым.

Бір ой келді осы сәтте санама,
Көзімді аштың үйреттің өмір жолдарын.
Баламыз ғой біз білмейтін белес көп,
Толтырамын көріп-біліп білмегенді білгеннен.

Тіл маманы Майрадай білімі ұшқыр апайым,
Аянбады үйретуден барша оқушыларға.
Білім бердің қаншама жыл Абай орта мектепте,
Үйреттіңіз сіз маған қазақ тілін талай жыл,
Өміріме нұр сыйлап,сөз маржанын тіздім мен.


Абай атындағы жалпы орта мектебінің
8 сынып оқушысы Асылан Ардақ
Жетекшісі: ҚР-ның жас ақыны
Гүлсана Тилеубекова Анарбекқызы
Асылан Ардақ, Ұстазыма lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016