Асланбек Ылым Қызыл алма lyrics

Қызыл алма Асланбек Ылым

Қызыл алма

0
0

Share:


Lyrics



Қай теңеуге баласам да келіскен
Сұлулыққа пейіл бөлек өріс кең
Жүрекке әсем бір әлемді орнатып
Ғайыптан кеп ғайыптан кеп пайда болған періштем

                   Қ:сы
Көңіл бос қызынар ма
Мезгілсіз үзіп алма
Бұйырар тұзы барға
Дәмі бал қызыл алма
Қызыл алма қызыл алма
Татисың ау қызығарға
 
Ниетім жоқ жоғалтып ап сағынбақ
Сабасына түссін көңіл дамылдап
Тарқатайын ынтық сезім аптабын
Қызыл алма қызыл алма шырынындай дәміңді ап
 
                  Қ:сы
Көңіл бос қызынар ма
Мезгілсіз үзіп алма
Бұйырар тұзы барға
Дәмі бал қызыл алма
Қызыл алма қызыл алма
Татисың ау қызығарға

Маған бір сәт бағынбайды ерігім
Тіленгендей саған бүкіл сенімім
Алақанға қонған қардай тез еріп
Кетпей қалқам кетпей қалқам қалшы болып серігім

                 Қ:сы
Көңіл бос қызынар ма
Мезгілсіз үзіп алма
Бұйырар тұзы барға
Дәмі бал қызыл алма
Қызыл алма қызыл алма
Татисың ау қызығарға



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

29.10.2015


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz