Lyrics
Бақытым бағым сен едің
Шаттыққа мені бөледің
Алдыртқан сонау күндерді
Ұмыта алмай келемін
Жылжиды уақыт сынаптай
Сыңғырлап аққан бұлақтай
Өзіңе деген сенімді
Көңілден жүрмін құлатпай
Қайырмасы
Өтеді күндер өтеді түндер
Жылдарды салып араға
Қалғанмен жырақ іздері бірақ
Жаңғырып жатыр санада
Мұң болып кернеп жүректі тербеп
Жаныңа тыным бермейді
Арасы алшақ жүргенмен аңсап
Ол күндер қайта келмейді
Керуендей өмір көшеді
Бозбала шағың кешегі
Көрген бір түстей елестер
Сағымға сеніп келеді
Өткізіп күндер тізбегін
Ұміттің жібін үзбедім
Аққулар жүзген айдыннан
Аяулым сені іздедім
Қайырмасы
Өтеді күндер өтеді түндер
Жылдарды салып араға
Қалғанмен жырақ іздері бірақ
Жаңғырып жатыр санада
Мұң болып кернеп жүректі тербеп
Жаныңа тыным бермейді
Арасы алшақ жүргенмен аңсап
Ол күндер қайта келмейді
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).