Өткен күндер lyrics

Асқар Жүнісбеков

2016

2
0

Share:



Бала күндер, балғын күн,
Ордасы еді ән-жырдың.
Алысқа айдап барады
Толқындары тағдырдың.
Бауырындай анамның,
Мекен қайдан табармын?!
Құстай ұшқан күндер-ай
Құшағында даламның.


[Қайырмасы:]
Өткен күндер сен мені,
Сағындырып барасың.
Сағынышым емдеді
Жүрегімнің жарасын.

Аңғалдығы баладай,
Дархандығы даладай.
Үлкендердің қолына
Су құюшы ек жағалай.
Тазалығы ақ қардай,
Кез қайда сол шақтардай
Уақыт шіркін зымырап,
Өте шықты-ау тоқталмай.


[Қайырмасы:]
Өткен күндер сен мені,
Сағындырып барасың.
Сағынышым емдеді
Жүрегімнің жарасын.
Асқар Жүнісбеков, Өткен күндер lyrics, 2016
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

маржан

21 2016

керемет

Anonymous

Added Lyrics

09.04.2016