Достық сезім lyrics

Асқар Жүнісбеков

2017

11
0

Share:



Өкінбеймін өте шыққан жылдарға,
Достарыңды ойламайтын күн бар ма?
Келер күндер жауап бере алар ма?
Өткен шақтан өтіп келген сырларға.

Көңіл шіркін көп жағдайға сенбейді,
Артық асып мақтауға да көнбейді.
Достарменен сыр бөлісіп шынайы,
Отыратын кездерге де шөлдейді.

Өмір деген өте берер күйбмеңмен,
Киім болмас тар киімің кигенмен.
Етек-жеңі кең болады жігіттің,
Достарымнан менде соны үйренгем.

Достар келсе дастарханым бай менің,
Оларменен төрт құбылам сай менің.
Төрді беріп құрметтеуге дайынмын,
Достарымнан артық менің қай жерім?

Ей, достарым меніңде бір мұңым бар,
Жүрегімде таусылмайтын жырым бар.
Артық айтып көңіліңді қалдырсам,
Пендешілік екен ғой деп ұғыңдар.

Әлі талай асулар бар алдымда,
О адамзат санатыңда бармын ба?
Достарымның қадіріне жекізген,
Қала берем осы жүрген қалпымда
Асқар Жүнісбеков, Достық сезім lyrics, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






06.12.2019
Users