Тәтті мұң lyrics

Асқар Жайлаубаев

Тәтті мұң

0
0

Share:


Кетпейді ойдан сол бір мүсін,
Қия алмай жүрмін жаным түсін.
Көңілің тағат таптырмай жүр ме?
Жүрегің менсіз табады - ау бақыт,
Көрінбей көзге өтеді - ау уақыт.
Ұмыта алмай жүрмін мен мүлде. 
 
Қайырмасы
 
Жазғаны Тәңірдің,
Көндіктім, бағындым.
Сағым күн өтуде,
Жаныммен сағындым!
 
Сендей жан «жоқ» дедім,
Алдады көктемім.
Кетпейді есімнен,
Соңғы рет өпкенің!
 
Қайырмасы
 
Түн сезім тербейді,
Тәтті мұң кернейді.     
Ай болып жаралу,
Қолымнан келмейді.
 
Тоқтамай айтар жүрегім әнді,
Сезімнің шарпып түнегі жанды,
Жүректе қайран жүрегің қалды.
 
Төзімді үгіп мезгілім мұңды,
Тілдедім сенсіз өткізген түнді,
Жан - арымнан өшпейсің мәңгі.
Асқар Жайлаубаев, Тәтті мұң lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

27.10.2015