Әшірхан Телғозиев Беу, қыздар-ай (0) lyrics

Беу, қыздар-ай lyrics

Әшірхан Телғозиев

Беу, қыздар-ай

1
0

Share:


Түсінер деп мендегі албырт сезімді,
Қыз-желеңге көп қадаймын көзімді.
Арулардың көкейінен дөп түсіп,
Көрсете алмай жүрмін бе әлде өзімді?


Қайырмасы:
Арайланған ақ таңдай,
Кеудеме от жаққандай.
Қызғалдақтай көктемгі,
Жайраңдаған, беу, қыздар-ай!



Бұл дүниеде бар бір менің сүйерім,
Тап болар ол, оны жақсы білемін.
Қайсың едің менің жанар жұлдызым,
Айтшы, қыздар, мауқын бассын жүрегім.


Қайырмасы:
Арайланған ақ таңдай,
Кеудеме от жаққандай.
Қызғалдақтай көктемгі,
Жайраңдаған, беу, қыздар-ай!



Қайда жүрсің, мен іздеген ардағым,
Осы әнімді бір өзіңе арнадым.
Шаршы топтың арасынан қол бұлғап,
Шыға келші махаббатым, арманым.


Қайырмасы:
Арайланған ақ таңдай,
Кеудеме от жаққандай.
Қызғалдақтай көктемгі,
Жайраңдаған, беу, қыздар-ай!

Әшірхан Телғозиев






GM

Added Lyrics

28.10.2015


shinline.kz