Әшір Молдағайынов Аяулым, арманымдай асылым ең lyrics

Аяулым, арманымдай асылым ең Әшір Молдағайынов

Аяулым, арманымдай асылым ең

0
0

Share:


Lyrics



Аяулы, арманымдай асылым ең,
Өзіңмен тілдескенше асығып ем.
Ең алғаш көргенімде, ерке сәулем,
Көзіме оттан да ыстық басылып ең.


Қайырмасы:
Аяулы, асылым ең,
Көргенше асығып ем.
Махаббат самалы ескен,
Сол бір таң қалар ма естен.
Жайнай түсші,
Жайнай түсші, күн сайын, ерке сәулем,
Жаз гүліндей құлпырып далада өскен.



От шашып жанарыңнан жымиясың,
Жаныма сарқылмастай сыр құясың.
Мәңгілік шаттық болып қоншы, сәулем,
Кеудеме орнат та әнмен жыр ұясын.


Қайырмасы:
Аяулы, асылым ең,
Көргенше асығып ем.
Махаббат самалы ескен,
Сол бір таң қалар ма естен.
Жайнай түсші,
Жайнай түсші, күн сайын, ерке сәулем,
Жаз гүліндей құлпырып далада өскен.

Әшір Молдағайынов



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

28.10.2015


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz