Ақ дидарың-ай lyrics

Асхат Тарғын

2019

0
0

Share:


Ақ дидарың-ай сенің, ақ дидарың-ай
Көңілімде сеземін от күй барын еркем-ай
Жүрегімді сен неге көп қинадың-ай, көп қинадың-ай
Ақ дидарың-ай
Жүрегімді сен неге көп қинадың-ай, көп қинадың-ай
Ақ дидарың-ай


Қас-қабағың ай сенің, қас-қабағың-ай
Жанарыңа қарауға жасқанамын еркем-ай
Ару қызы сен бе едің Астананың-ай, Астананың-ай
Қас-қабағың-ай
Ару қызы сен бе едің Астананың-ай, Астананың-ай
Қас-қабағың-ай

Назды күлкің-ай сенің, назды күлкің-ай
Назды күлкің кеудемнің жазды бұлтын еркем-ай
Сүйем деген айтармын сөзді бір күні-ай, сөзді бір күні-ай
Назды күлкің-ай
Сүйем деген айтармын сөзді бір күні-ай, сөзді бір күні-ай
Назды күлкің-ай


Қыпша белің-ай сенің, қыпша белің-ай
Көжегінің қоянның ұқсап едің еркем-ай
Екі тілек бір жерден шықса дедім-ай, шықса дедім-ай
Қыпша белің-ай
Екі тілек бір жерден шықса дедім-ай, шықса дедім-ай
Қыпша белің-ай

Жүрегімді сен неге көп қинадың-ай, көп қинадың-ай
Ақ дидарың-ай
Жүрегімді сен неге көп қинадың-ай, көп қинадың-ай
Ақ дидарың-ай
Асхат Тарғын, Ақ дидарың-ай lyrics, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

04.11.2019
Users