Қарындас lyrics

Асхат Тарғын

2016

4
0

Share:



Жаралған сезім мен нұрдан,
Ақ арман көзіңде тұнған,
Таралған шаштары самалмен.
Құлпырған абат мүсіндім,
Сыртыңнан қарап түсіндім,
Ғашық боп қалыппын саған мен.


[Қайырмасы:]
Қарындас, атыңды айтшы жасырмай,
Тулады жүрек басылмай,
Жаншып өттің оны сен жасындай.
Қарындас, бүршігін жарған гүлдейсің,
Арманым болып жүргейсің,
Сені сүйген жан бар деп білгейсің.


Жанымды қозғаған сырмен,
Жалынды көзқарасыңмен,
Аласың сезімнің мазасын.
Жаққандай жүрек алауын,
Тапқандай тілек қалауын,
Ақ қардай алғашқы тазасын.


[Қайырмасы:]
Қарындас, атыңды айтшы жасырмай,
Тулады жүрек басылмай,
Жаншып өттің оны сен жасындай.
Қарындас, бүршігін жарған гүлдейсің,
Арманым болып жүргейсің,
Сені сүйген жан бар деп білгейсің.
Асхат Тарғын, Қарындас lyrics, 2016
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Динара

22 2016

Өте әдемі ән!

Admin

Added Lyrics

06.05.2016
Music Videos
Асхат Тарғын
Қарындас