Әкетайым lyrics

Асхат Тарғын

2017

9
0

Share:



Әкетайым менің сен қарайсың биіктен
Биігіне сеніп жетем деп жиып мен
Сәби кезден бастап өзімді емес сен мені
Көтеріпсің асқақ тағдырымды иықпен

қайырмасы:
Өнеге өмірің кемел әке
Бәрінен орнын бөлек әке
Тұлғасын ешкімге ұқсамайтын
Мен саған ұқсағым келеді әке

Әкетайым менің ой қозғайсың тереңнен
Тереңіне сеніп ойлай алмай келемін мен
Өткен сайын әр күн болсам деймін өзіңдей
Адалдық пен ардың тамырынан көгерген

қайырмасы:
Өнеге өмірің кемел әке
Бәрінен орнын бөлек әке
Тұлғасын ешкімге ұқсамайтын
Мен саған ұқсағым келеді әке
Асхат Тарғын, Әкетайым lyrics, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






31.10.2017
Users