Бақытты болайық lyrics

Аша Матай & Арман Қоңырбаев

2018

34
7

Share:



Баламның анасы,
Анамның ақ жаулын жалғадың сен, жалғадың сен
Баламның әкесі,
Әкемдей қорғаным ардағым сен, ардағым сен
Анамның келіні,
Өзіңмен әулетке бақ қонады
Әкемнің сенімі,
Сеніммен серігі мақталады

Қайырмасы:
Ананың жүрегінен от алайық
Әкенің тілегінен бата алайық
Бақытты бақытты балаларға
Бақытты ата-ана атанайық

Інімнің женгесі,
Туыстың әрдайым тілегі бол, тілегі бол
Сіңілімнің жездесі,
Үш жұрттың мақтанар тірегі бол, тірегі бол
Әулеттің отанасы,
Жаныңда гүл егемін сезім барда
Әулеттіің отағасы,
Жанұям жаурамас өзің барда

Қайырмасы:
Ананың жүрегінен от алайық
Әкенің тілегінен бата алайық
Бақытты бақытты балаларға
Бақытты ата-ана атанайық!


Аша Матай & Арман Қоңырбаев, Бақытты болайық lyrics, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Мұқағали

03 2018

"үш ұлттың мақтанар тірегі бол" дегені ұнамады. "Ұлт" дегеннің орнына "жұрт" десе болар еді.

22.02.2018