Lyrics
Анашым жан ашырым
Жаралдың бағыма шын
Тербетіп әлдиіңмен жеткіздің дала сырын
Өзіңсің қорғанымда суыққа тоңғанымда
Адаспай мен келемін өмірдің жолдарында
Қайырмасы
Ана сен едің жан шуағым
Ана сен едің шам шырағым
Анашым бір өзіңнен ғана
Жайнайды жасыл бағым
Жүрекпен жолдадым мен саған
Аяулы асыл әнім
Анашым ақ арайым
Үн болып аймалайын
Көктемнің самалында деміңнен айналайын
Анашым мақтанамын жаулықты аппақ ару
Келеді топ алдымда бәйгеге баптағаның
Қайырмасы
Ана сен едің жан шуағым
Ана сен едің шам шырағым
Анашым бір өзіңнен ғана
Жайнайды жасыл бағым
Жүрекпен жолдадым мен саған
Аяулы асыл әнім
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).