Рахымы мол Рамазан lyrics

Асан Пердешов

2019

0
0

Share:



Рамазан рахымы мол бір ай екен
Осы ай рабымызға ұнайды екен
Отыз күн оразамен жапар үйін
Нәпсісін құлдарының сынайды екен
Әмірін тәңіріңнің екі етпе
Иманы берік адам шыдайды екен
Рамазан айы бітсе қимастықпен
Егіліп сахабалар жылайды екен

Бұл айды бәрі күтіп асығады
Өйткені рахман нұры шашылады
Аспаннан жерге түсіп періштелер
Жаратқан рабызында бас ұрады
Тілегін құлдарының қабыл алып
Күнәңді құдай өзі жасырады
Жабылып жақаннамның қақпалары
Жұмақтың есіктері ашылады

Иманың жиғаныңнан биік тұрсын
Нәпсісін адами зат жеңеді екен
Жегісі келген асын бұндайлардың
Жәннәтта жайластырып береді екен
Оразаң ұстаған жан қабыл болсын
Осы ай өзгелерден ерік екен
Бұлайда ібілістер кісенделіп
Береке есігіңе енеді екен
Бұлайдан артық қонған қадыр түні
Күәңнән құтылуға себеп екен
Сол түні құдай деген құлдың бәрі
Есігін бұл сауабын кіреді екен


Асан Пердешов, Рахымы мол Рамазан lyrics, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Corrected text

20.05.2019
Users