Белгісіз жан (cover) lyrics

Асан & Жони

2018

0
0

Share:



Қиналдым қоштасқанда жанарымда
Мұң шалды ау сол бір сәтте қабағымды
Түбінен жүрегімнің тулап шығып
Бір өксік жұлмалады тамағымды
Қарақат көздеріңе қарай бердім
Қызығы солма дедім дүниенің
Келтіріп көлеңкемді өзегімді
Махаббат неге сонша ыстық едің
Бақтарды сен екеуміз аралаған
Ұзатып тастап кеттің неге маған
Жыл құсы секілденіп жылда ұшқан
Жете алмай қала бердім жаным саған
Сәулесі айдың түсі аймалаған
көзіңді қарағым-ай қайдан табам
Сүйгеннің сүйіктісі болатындай
Бақытқа ие болар ғашық адам
Жарқыраған аспаныңдағы жаным сен
Жарқ етіп жоқ болдың ғой қасқағымда

Асан & Жони, Белгісіз жан (cover) lyrics, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Corrected text

04.07.2018
Users