Назеркенің өлеңі lyrics

Асан Пердешов

2018

25
2

Share:



Əр таңды атырамын үмітпенен
Бəрі жақсы болады деп үміттенем
Өмірдің ағымымен жүзіп келем
Тағдырдың сынағы деп көніп келем
Бұл бізге берілген сынақ шығар
Түңіліп қапа болсам сағым сынар
Сол үшін күресемін моиымаимын
Жеңіп шығам бір алланың қалауымен

Жанымдағы аяулы анам менің
Əлпеш деп аялаитын панам менің
Əр қашан алға қарай жетелеитін
Аман болшы мықты болшы анам менің
Аман болшы мықты болшы анам менің
Аман болшы мықты болшы анам менің

Сұраймын бір алладан денсаулықты
Дұға қылшы аналарым ақ жаулықты
Бұл өмір аямаиды əлсіздерді
Сол үшін болы керек талпынысты
Күш алып шабыттанам бұл өмірден
Арман еткім келеді осыны мен
Мен үшін қолын созған əрбір жанға
Бас иіп алғыс аитам шын жүректен
Бас иіп алғыс аитам шын жүректен
Бас иіп алғыс аитам шын жүректен

Үмітсіз өмір сүру қиын білем
Талай қиын тағдырларды көріп келем
Қамығып мұңаисамда жыласамда
Бəрібір бір алладан үміт күтем

Асан Пердешов, Назеркенің өлеңі lyrics, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Гульзат Жомартова

10 2018

Айгул

Corrected text

04.04.2018
Users