Lyrics
Ақ жаулығы желбіреген аналар
Аналарға басын иген даналар
Бұл өмірдің нұр шуағын сыйлаған
Аналарға жол беріңдер адамдар
Қайырмасы
Ана деген құдірет бар ғаламда
Ана деген қымбат маған сағанда
Ән саламын толғана аман болшы
Абзал ана жан ана
Бесік тербеп әлдилеген ән салған
Арай таңды үмітпенен қарсы алған
Елеңдейді ертелі кеш сен үшін
Жолға қарап жәутеңдеген шаршаған
Қайырмасы
Ана деген құдірет бар ғаламда
Ана деген қымбат маған сағанда
Ән саламын толғана
Аман болшы абзал ана жан ана!
Аналардың ауырмасын жүрегі
Ана деген дүниенің тірегі
Бағындырсам биіктерді шыңдарды
Аналардың ақ батасы тілегі
Қайырмасы
Ана деген құдірет бар ғаламда
Ана деген қымбат маған сағанда
Ән саламын толғанда аман болшы
Абзал ана жан ана
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).