Аршат Хайролла Қатігездеу Алматы lyrics

Қатігездеу Алматы Аршат Хайролла

0
0

Share:




Lyrics


Қанша жанның ынтық қылған жүрегін
Қанша жүріп әлі таппай жүремін
Ешкімнің де орындамас тілегін
Қатігездеу Алматы
Кәрі таулар тыныштығын күзеткен
Ешкімді де қарсы алмайтын ізетпен
Талай-талай бұзықтарды түзеткен тәкаппарлау Алматы

Қайырмасы
Бірде теуіп,бірде тартар өзіні
Бұл қаладан кете алмайсың безіне
Күлдіріп ап жас толтырар көзіңе
Құбылмалы Алматы
Байлап алар көрінбей-ақ байқамай
Бір ауыз сөз қаларсың ау айта алмай
Жүрегіңде тартып алар қайтармай
Ұмыт болмас Алматы

2 куплет
Қанша жанды адастырып тұрақтан
Талай-талай биіктерді құлатқан
Талай-талай мықтыларды жылатқан
Ерке-шолшаң Алматы
Өткізіп ап талай түрлі сынақтан
Қанша жанды жылатып ап жұбатқан
Көзді тартқан сонау алыс жырақтан
Тым мейірбан Алматы




Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

13.08.2022


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz