Егіз-лебіз lyrics

Арнау тобы

Егіз-лебіз

7
0

Share:



С: Исраил Сапарбай
Ә: Жұмағұл Қыдыралиев
 
Көгімдегі айым дейін сені,
Көкшедегі қайың дейін сені.
Көзден ұшып жырақта жүрсең.
Шамшырағым күнім дейін сені,
Әнші бағым, гүлім дейін сені.
Өзіңмен бір жұмаққа кірсем.
 
Қайырмасы:
Келші бағыма әлдеқайда ұшпай,
келші, жаным,
Қоншы қолыма арман аппақ құстай,
қоншы, жаным.
Келші бағыма,
Қоншы қолыма,
Келші, жаныма, кел!
 

 
Сағынғанда саялайын сені,
Аққуымдай аялайын сені.
Айдыныңда қалықта, жаным.
Бала қаздай мәпелейін сені,
Жаңа өмірге жетелейін сені,
Жаныма кел, жабықпа, жаным.
 
Қайырмасы:
Келші бағыма әлдеқайда ұшпай,
келші, жаным,
Қоншы қолыма арман аппақ құстай,
қоншы, жаным.
Келші бағыма,
Қоншы қолыма,
Келші, жаныма, кел!
 
Аппақ таңдай тілегім де өзің,
Алатаудай тірегім де өзің.
Жер бетінде қатар жүргенде.
Қоныстасып бірге күн кешейік,
Қол ұстасып бірге үндесейік.
Атар таңға, батар күндерге.
 
Қайырмасы:
Келші бағыма әлдеқайда ұшпай,
келші, жаным,
Қоншы қолыма арман аппақ құстай,
қоншы, жаным.
Келші бағыма,
Қоншы қолыма,
Келші, жаныма, кел!
 

Арнау тобы, Егіз-лебіз lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Айнур

11 2016

достар видеосы барма отинем мына номирге тиркел 87051711955

Admin

Corrected text

21.06.2018
Users

GM