Қыздар-ай қыздар lyrics

Аманғали Сыпабеков

2016

1
0

Share:



Қарындастарым, қарлығаштарым,
Жазылмай жүрген жалындас ханым.
Жанар тау болып, жарылды кеудем
Сендерге арнап әнім дастаным.
Жанар тау болып, жарылды кеудем
Сендерге арнап әнім дастаным.

Қайырмасы:
Қыздар, қыздар, еліктірдіңдер, еліп келген ем
Желіктірдіңдер, желіп келген ем
Әттең-ай әттең, жүрегім жалғыз,
Бәріңе бірдей бөліп берер ем.
Әттең-ай әттең, жүрегім жалғыз,
Бәріңе бірдей бөліп берер ем.

Қырмызы қызыл гүлсіңдер ме екен?
Бақытыңды іздеп, жүрсіңдер ме екен?
Құлпырған қырда қызғалдақсыңдар,
Жұмбақ жансыңдар, бір сыр бермеген.
Құлпырған қырда қызғалдақсыңдар,
Жұмбақ жансыңдар, бір сыр бермеген.

Қайырмасы:
Қыздар, қыздар, еліктірдіңдер, еліп келген ем
Желіктірдіңдер, желіп келген ем
Әттең-ай әттең, жүрегім жалғыз,
Бәріңе бірдей бөліп берер ем.
Әттең-ай әттең, жүрегім жалғыз,
Бәріңе бірдей бөліп берер ем.

Ақ қанат ару арман бысыңдар?
Жанымды жаулап алған мысыңдар?
Сыланған әсем аққу мысыңдар?
Аспан көгінде самғап ұшыңдар.
Сыланған әсем аққу мысыңдар?
Аспан көгінде самғап ұшыңдар.

Қайырмасы:
Қыздар, қыздар, еліктірдіңдер, еліп келген ем
Желіктірдіңдер, желіп келген ем
Әттең-ай әттең, жүрегім жалғыз,
Бәріңе бірдей бөліп берер ем.
Әттең-ай әттең, жүрегім жалғыз,
Бәріңе бірдей бөліп берер ем.

Аманғали Сыпабеков, Қыздар-ай қыздар lyrics, 2016
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

28.03.2018
Users
Music Videos
Аманғали Сыпабеков
Қыздар-ай қыздар