Lyrics
Ғашық қылма сен мені, ғашық қылма
Жан сырымды әуелі ашық тыңда
Күте тұр-ақ әлеммен махаббатпен
Асықтырма, өтінем, асықтырма
Қайырмасы:
Ғашық қылма, жаным-ау, керегі жоқ
Себебін де сұрама – себебі көп
Жаралмаған жан екен, бір көргеннен
Жақсы көре салудын шебері боп
Жаралмаған жан екен, бір көргеннен
Жақсы көре салудын шебері боп
Ғашық етпе, сен мені, ғашық етпе
Белгіленген уақыттан басып өтпе
Асыққандық себебі жолықтырады
Қасіретке, тек қана, қасіретке
Қайырмасы:
Ғашық қылма, жаным-ау, керегі жоқ
Себебін де сұрама – себебі көп
Жаралмаған жан екен, бір көргеннен
Жақсы көре салудын шебері боп
Жаралмаған жан екен, бір көргеннен
Жақсы көре салудын шебері боп
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).