Балалық шақты аңсадым lyrics

Алтын Маханбетова

2019

0
0

Share:



Балалық шақтың бал күнін қайта аңсадым
Баладай сенгіш пейілге ауып аңсарым
Базына айтып баз кешіп мына жалғаннан
Балдаурен кетті аралап құнын баршаның

Періште көңіл пейіштей көрер ертеңін
Пәк күндер қайда көкжиек сынды көркемім
Парасат тұнған әлемге енсін дедіңбе
Ұғынып мына өмірдің кейде келтеңін

Есею бақыт десекте тарттым азабын
Екі жүзділер егесін қайтып жазамын
Пендешіліктің ауылын жүрмін аралап
Таба алмай жүрмін көңілдер сенген ғажабын

Армандар асау арындар бейне арғымақ
Тілектер тұлпар тауданда биік арғымақ
Шарқ ұрған сәтте шығардай шыңға арқарап
Бабабның таяр тайғанақ таудан қар құлап


Алтын Маханбетова, Балалық шақты аңсадым lyrics, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Corrected text

16.05.2019
Users