Достарым менің керемет! lyrics

Алтынбек Тәшімбетов

2018

0
0

Share:



Алтындай жыры жауатын
Бақыттың нұры себелеп
Қиналсаң іздеп табатын
Достарым менің керемет
Көңілге қатты қараған
Шынайы сәтте әр ізгі
Болуы керек әр адам
Достары үшін маңызды

Қайырмасы
Күнді өткізбей босқа бекерге
Санаулы минут бақытты
Сендерге біреу жетерме
Достарым менің бақытты
Біз жүрген жолдар баяғы
Басылмай тұр ғой шаңыда
Құшағын кеңге жаяды
Дос деген терең мағына

Көңілге шаттық орнайды
Өздерің достар бар жақта
Ұмыту деген болмайды
Өкпелеп кейде қалсақта
Әр қазақ менің бауырым
Әр қазақ менің досымдай
Көріп ал міне ауылым
Достарым менің осындай

Қайырмасы
Күнді өткізбей босқа бекерге
Санаулы минут бақытты
Сендерге біреу жетерме
Достарым менің бақытты
Біз жүрген жолдар баяғы
Басылмай тұр ғой шаңыда
Құшағын кеңге жаяды
Дос деген терең мағына


Алтынбек Тәшімбетов, Достарым менің керемет! lyrics, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Corrected text

20.11.2018
Users