Үш қоңыр lyrics

Алтынбек Қоразбаев

Үш қоңыр

0
0

Share:


1. Үш - қоңыр Алатаудың қойнауында
Әкемнің ізі қалған жайлауында
Қасқасу үр-гір тасып, гүл еркелеп
Архарлар жайылатын аймағында
 
Қайырмасы:
Ай үш - қоңырым туған жерім
Рахым нұры қонған жерім.
Ай үш - қоңырым тау бесігім
Жүрегімде мәңгі есімің. 
 
2. Бұл жерде тарих сырдың сыбырыбар
Бабалар тұлпарының дүбірі бар.
Бүл жерде Жамбыл жакем өлең айтқан
Өнердің ақыңдықтың тұғыры бар.
 
Қайырмасы:
Ай үш - қоңырым туған жерім
Рахым нұры қонған жерім.
Ай үш - қоңырым тау бесігім
Жүрегімде мәңгі есімің. 
 
3. Шыңдары Төле бидің қалпағындай
Жазира жасыл әлем алқабындай.
Жуасы, қарақаты, бүлдіргені 
Әжемнің шекер қосқан талқанындай
 
Қайырмасы:
Ай үш - қоңырым туған жерім
Рахым нұры қонған жерім.
Ай үш - қоңырым тау бесігім
Жүрегімде мәңгі есімің.
 
4. Көрінер сонадайдан анық маған
Шыңында қырандары қалықтаған.
Қыранның самғауына құмар қалып
Туыпты ұландарын алып далам
 
Қайырмасы:
Ай үш - қоңырым туған жерім
Рахым нұры қонған жерім
Ай үш - қоңырым тау бесігім
Жүрегімде мәңгі есімің 
Алтынбек Қоразбаев, Үш қоңыр lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

22.10.2015