Алтынай Жорабаева Жылдар (2016), lyrics

Жылдар lyrics

Алтынай Жорабаева

2016

1
0

Share:



Жырақта қалған жылдарым менің,
Жүректегі арман сырлы әнім бе едің?!
Алтын мұнарға оранасыңдар,
Ойыма жиі ораласыңдар.
Ораласыңдар жалт етіп қайта,
Жоғаласыңдар сағымдай толқып,
Жылдар-ай, жылдар...

Өзендей тулап ағасың жылдар,
Құстардай қанат қағасың жылдар,
Жанымның жазбай жарасын жылдар,
Қайрылмай қайда барасың жылдар, жылдар...
Жылдар-ай, жылдар.

Мұнарға, шөккен мұңды әнім бе едің?
Арман-ай арман жылдарым менің.
Келмеске тағы ағыласыңдар,
Іздесем қайдан табыласыңдар?!
Сағынарсың ба аяулым мені?
Сағынарсың ба жетелеп алыс?
Кеткенде жылдар.

Өзендей тулап ағасың жылдар,
Құстардай қанат қағасың жылдар,
Жанымның жазбай жарасын жылдар,
Қайрылмай қайда барасың жылдар, жылдар...
Жылдар-ай, жылдар.

Керуендей көшіп ғайыпқа манған,
Жылдар-ай қымбат, жылдар-ай арман.
Қол бұлғап талай қимастар қалды,
Мөлдіреп көзі қиғаш қас қалды.
Қимастар қалды жүректе сұлу,
Күй дастан қалды сағыныш болып, жылдар-ай, жылдар

Әні мен сөзі: Т.Шапай






Admin

Added Lyrics

18.06.2016