Алтынай Жорабаева Туған күн (2021), lyrics

Туған күн lyrics

Алтынай Жорабаева

Туған күн

14
1

Share:



Әні: Р.Әлқожа
Сөзі: Б.Бабаш

Жанымды өртеп жүргеніңде жалқы мұң,
Тағдырыма тап болғансың жарқыным.
Сені көріп қуандым шын, жүректегі жұбанышым.
Сөндірмеші жанарыңның жарқылын.
Алыс арман ардағыма-ай,
Орындалсын арманың-ай.
Туған күнің құтты болсын, алтыным.

Бүгін сенің туған күнің шаттан шын.
Есте мәңгі осы керім шақ қалсын.
Күрсінбеші, күлімдеші.
Менің күнім бүгін деші.
Мына өмірде сүрінбеші, жарығым.
Жұлдыздай болып жарқырашы.
Көңіліңнің құлпын ашып.
Тілегіңді берсін деймін тәңірім.

Таусылмайтын бақыт тілеп басыңа,
Болсам дедім қуанышта қасыңда.
Жырдан алқа тағынайын, күліп атсын таңын дәйім.
Алтыным-ау бәрінен де қымбатсың.
Сен дегенде әнім дайын,
Қалауыңды орындайын.
Туған күнің құтты болсын, қымбаттым.






Comments

Ташо Нұрахметқызы

26 2018

өте керемет

gulnar17111990@gmail.com

16 2019

шеремет ан

Admin

Corrected text

03.07.2021
Users
Music Videos
Алтынай Жорабаева
Туған күн


shinline.kz