Алтынай Жорабаева Егеменді Қазақстан (Жаңа нұсқа) (2018), lyrics

Егеменді Қазақстан (Жаңа нұсқа) lyrics

Алтынай Жорабаева

2018

5
0

Share:



Көз жетпес далам ел жетпес елім
Арнайды əнін жауынгер ұлың
Жау шапса саған жас жаным құрбан
О далам менің о елім менің.
Қайырмасы:
Қазақтың елі қазақтың жері
Береке қонған ұлы отан
Асқар тауларым өзен көлдерім
Жаныма қымбат ұлы отан.

Сұңқары биік самғаған елім
Қанатын көкке қондаған елім
Кел достар қане шырқайық бірге Бостандық əнін азаттық əнін.

Қайырмасы:
Қазақтың елі қазақтың жері
Береке қонған ұлы отан
Асқар тауларым өзен көлдерім
Жаныма қымбат ұлы отан.

Еркіндік сүйген егемен елім
Бұғауды бұзған ер жүрек елім
Бостандық үшін жанымыз құрбан
Сен үшін елім сен үшін жерім.

Қайырмасы:
Қазақтың елі қазақтың жері
Береке қонған ұлы отан
Асқар тауларым өзен көлдерім
Жаныма қымбат ұлы отан.






Айгул

Corrected text

13.02.2018
Users