Алтынай Жорабаева Астанаға арнау (2015), lyrics

Астанаға арнау lyrics

Алтынай Жорабаева

2015

2
0

Share:



Асан қайғы, Бөгенбай, Қорқыт өткен Астана,
Кеңесары, Наурызбай жортып өткен Астана,
Есіл,Нұра екі өзен нәрін қосқан
Астана,
Ақан, Ғазиз, Біржан сал әнін қосқан
Астана.

Әлемге атыңды жырлаймын Астана,
Сүйемін өзіңді, Астана, бас қала!

Амангелді Патшадан қаймықпаған Астана,
Махаббатын Мағжанға айнытпаған Астана.
Сәкен, Сәбит қаламда жасым болған Астана,
Балуан, Шолақ күреске басым болған Астана

Азаттықты аңсаумен ой кернеген Астана,
Бөлшектеуге қазақты бой бермеген Астана.
Арманына Сәтпаев азық тапқан Астана,
Астана деп Нұрсұлтан қазық қаққан Астана!

Әні:Ж.Кеңесов
Сөзі: Қ.Олжай






Comments

Жансая

20 2016

Керемет.Маган осы олен катты унайды

jejejsshhswhshshehe@gmail.com

22 2020

Өте керемет Алтынай ханым

Нұрдәулет

Corrected text

23.04.2021
Users