Алтынай Жорабаева Ағажан (0), lyrics

Ағажан lyrics

Алтынай Жорабаева

Ағажан

9
0

Share:



Бәйтеректей саялы, алақаның аялы
Маңдайымнан сыйпаған менің
Қамқор аға әкедей, еркелеткен мәпелей
Тілегіңнен сый табам сенің
Қарлығаштай қанатың талмай тынбай қағатын
Жасымаған көзіңе сенем
Жетеледің, жеткіздің, қарызымыз көп біздің
Асыл аға өзіңе деген.
 
Қайырмасы:
Құтты болсын ағажан қуанышың
Азамат боп ержетті-ау жубанышың
Өмірінің шырағын сөндірмесін
Көніліңнің жалғасын ұлы ағысың.
 
Бізді ойлап жүргенде байқатбастан бір демде
Ержетіпті -ау ұл қызың бүгін.
Кір шалмаған арыңмен, жаздай сұлу, жарыңмен
Жана берсін жұлдызың бүгін.
Бұл тойыңда аңсап ек, қызмет қып жан салып
Еріп келем ізіңнен сенің.
Тойың тойға ұлассын, бақ даулетің гүл ашып
Нұр таймассын жүзіннен сенің.
 
Қайырмасы:
Құтты болсын ағажан қуанышың
Азамат боп ержетті-ау жубанышың
Өмірінің шырағын сөндірмесін
Көніліңнің жалғасын ұлы ағысың.
 






Comments

Алтынай Камбаровна

12 2017

тамаша əнші менің сүйіп тыңдайтын əншім

GM

Added Lyrics

19.10.2015
Music Videos
Алтынай Жорабаева
Ағажан