Тәтті арманым lyrics

Алмас Тұяқбай

2017

0
0

Share:



Махаббат ақ гүлі
Көңілде көктеді
Сезімнің шаттығы
Есімнен кетпейді
Сен жоқта жалғызбын
Уақыт өтпейді
Қылығы бар қыздың
Бір саған жетпейді

Қайырмасы:
Тәтті арманым,
Ақ таңдарым
Әнім болып жүректе жатталғаным
От қыздардың,шоқ қыздардың,
Топ қыздардың ішінен тапқан бағым

Түспелі кезеңде
Күндерде кешегі
Айлы жаз кешінде
Қыдырған көшелері
Махаббат гүл сезім
Жанымды еседі
Бағымды бір сенің
Бір сөзің шешеді

Қайырмасы:
Тәтті арманым,
Ақ таңдарым
Әнім болып жүректе жатталғаным
От қыздардың,шоқ қыздардың,
Топ қыздардың ішінен тапқан бағым
Алмас Тұяқбай, Тәтті арманым lyrics, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Corrected text

22.02.2018
Users