Алмас Алтай Кешірме (0) lyrics

Кешірме lyrics

Алмас Алтай

Кешірме

0
0

Share:


Маған деген сағыныштың отымен

Мен сүйетін әнді айтып бер, өтінем,

Гитараңның пернелерін жылатып.

Қоштасарда «Келемін» деп кетіп ем,

Соным үшін өкінемін, өкінем!

Қалдым кеше басқа қызды ұнатып...

 

Бәріне мен кінәлімін, кешірме!

Жек көріп кет, хаттарымды өшір де.

Басқа жігіт жолығады шын адал.

Ғашық болып Алматының кешінде,

Бірге жүрген сәттер түссе есіңе,

Оңашада жылап алсаң, жылап ал.

 

Енді мені ұмыта сал, ақылдым,

Мен осындай «иттігі» көп ақынмын,

Жан жылатып жүрегіңді жүдеткен.

Басыңды да бекер сенің қатырдым,

Саған тағы өлең жазып жатырмын,

Саған енді ғашық емес жүрекпен...

 

Жүрегіңде сағынышың бүр атып,

Тілегің де бір мейірім сұратып,

Жалынышты жанарларың мөлдіреп.

Арманыңды Алатаудан құлатып,

Гитараңның пернелерін жылатып,

Мен сүйетін әнді айтып бер, соңғы рет...






GM

Added Lyrics

23.11.2015