Сүйіп өтем lyrics

Аллаберген Жақсыбаев

Сүйіп өтем

0
0

Share:


Жанымды жылуымен жайландырып
Сезімнің ләззатына бой алдырып
Көлдей кең құшағымда тербетейін
Өзіңді аққуыма айналдырып
 
Сүйген жан сүйетінін жасыра ма
Көңілім сен болмасаң ашыла ма
Әлемнің бар ғажабын айырбастай
Алмаймын сенің бір тал шашыңа да
 
Қайырмасы:
Сүйемін сені мәңгі сүйіп өтем
Аялап алақанымда биік етем
Баға жетпес жаным деген бір сөзің
Тағдырымның маған берген сыйы ме екен
Сыйы ме екен…
 
Жарқылдап жүрегіңнің жасындарын
Дауылы махаббаттың басылмады
Мен барлық ғұмырымды құрбан етем
Бір таңға атқан сенің қасыңдағы
 
Қайырмасы: х2
Сүйемін сені мәңгі сүйіп өтем
Аялап алақанымда биік етем
Баға жетпес жаным деген бір сөзің
Тағдырымның маған берген сыйы ме екен
Сыйы ме екен…

Аллаберген Жақсыбаев, Сүйіп өтем lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

24.10.2015
Music Videos
Аллаберген Жақсыбаев
Сүйіп өтем