Share:




Lyrics



Сағынышым қонды алыс

Жүрек толы толғаныс

Өзгермейді өкенің

Өзгермейді болған іс

Талай рет сезінген қымбат болар өзіңнен

Ешкімім жоқ ешкімім



Көктем көңіл бүр жарғанда

Дауысыңды естідім

Кешіре алсаң бұл жалғанда

Кешір мені кеш күнім



Бақытым боп тұр ма едің

Мәңгі қатар жүрмедің

Сенсіз жерде қуанып

Сенсіз жерде күлмедім

Айналайын көзіңнен

Артық туған өзіңнен

Бір жан жоғын білмедім



Көктем көңіл бүр жарғанда

Дауысыңды естідім

Кешіре алсаң бұл жалғанда

Кешір мені кеш күнім



Көктем көңіл бүр жарғанда

Дауысыңды естідім

Кешіре алсаң бұл жалғанда

Кешір мені кеш күнім



Шықтым талай жолға алыс

Көңілде көп толғаныс

Өзгергенмен тіршілік

Өзгермейді болған іс

Жүдемесін жанымыз

Саған деген сағыныш

Қазір маған қорғаныш



Көктем көңіл бүр жарғанда

Дауысыңды естідім

Кешіре алсаң бұл жалғанда

Кешір мені кеш күнім





Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

04.09.2022