Келемін саған lyrics

Алишер Каримов

Келемін саған

11
0

Share:



Өмірімнің бақ-тұрағы, 
Мен өзіңді таңдадым, 
Қос аққудай теңіздегі. 
Көңілімнің шаттық әні, 
Алып-ұшты арманым, 
Іңкәр жүрек сені іздейді… 
 
 
Қайырмасы: 
 
Алаулаған от па екенсің, 
Жана алмаған шоқ па екенсің? 
Тағдырымның тармағында бар ма екенсің, жоқ па екенсің? 
Күнім десең, күнде келем, 
Айың болам түнде де мен, 
Арамызда жатса да алқап келемін саған… 
 
 
Сені көріп сезінгелі қуанышын жанымның 
Сәулем маған ай да, күнсің… 
Көңілім құмар көз ілмеді, 
Сайран бақты сағындым 
Бақыт құсым-ау, қайда жүрсің?
 
 
Қайырмасы: 
 
Алаулаған от па екенсің, 
Жана алмаған шоқ па екенсің? 
Тағдырымның тармағында бар ма екенсің, жоқ па екенсің? 
Күнім десең, күнде келем, 
Айың болам түнде де мен, 
Арамызда жатса да алқап келемін саған… 
 
Алишер Каримов, Келемін саған lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Талғар Тоқан

26 2017

Керемет рахмет

Маржанай

12 2017

маған қатты ұнайды Алишер күшті әнші

GM

Added Lyrics

19.10.2015