Әлімжан Бақытжан & Нұрсұлтан Дінмұхаммед Қиялдағы ару (2019), lyrics

Share:



Ай жүзі көркем
Бұрымын өрген,
Ешбір сұлу тең келмейді
Баураған көзбен.

Қия қастары
Қара шаштары,
Мөлдір көзі мөлдірейді
Сұлу жанары.

Қайырмасы:

Қиялдағы ару
Жібектей сұлу,
Суық жанның құшағына
Беретін жылу.

Майысып нәзік
Сөздері үзік,
Аққудайын көл бетінде
Жүретін жүзіп.

Қылығы  қандай
Сөзіде балдай,
Шуағын төгіп нұрланып
Атқан бір таңдай.

Қайырмасы


Әні мен сөзі: Нұрсұлтанов Дінмұхамед
dynmuhammed_nursultanov

Орындаушылар : Нұрсұлтанов Дінмұхамед
dynmuhammed_nursultanov
Әлімжан Бақытжан
bakytzhan458






Admin

Added Lyrics

15.04.2019