Тамшылар lyrics

Әлихан Байсұлтанов

2018

0
0

Share:



Түніменен түніменен тереземді тамшы ұрды
Түніменен айтып жатты жан сырды жан сырды
Түніменен Түніменен өзің жайлы түс көріп
Жұмыр басқа мазасыз ой сан кірді, сан кірді
Түніменен тереземді тамшы ұрды

Қайырмасы
Іздейсің сен іздеп жүрсің сабыла
Жанарыңнан арман оты жағылар
Өз жүрегің өз кеудеңе сыймастан
Ұйықтай алмай шықтыңба әлде сағынып?

Кірпігімнен кірпігімнен тулап жатып тамшылар
Әз біреулер болған шығар таң шығар
Сен аңсаған сен аңсаған көңілімде ерке
Аңсаулардың моншағыда бар шығар бар шығар
Тереземді ұрмаңдаршы тамшылар

Қайырмасы
Іздейсің сен іздеп жүрсің сабыла
Жанарыңнан арман оты жағылар
Өз жүрегің өз кеудеңе сыймастан
Ұйықтай алмай шықтыңба әлде сағынып?






Әлихан Байсұлтанов, Тамшылар lyrics, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Corrected text

19.07.2018
Users