Әттең-ай lyrics

Әлиғазы Төртқара

2018

0
0

Share:



Еркектердің қолдасы майдаланған сәттер-ай
Әдемі екен сырғасы әйел емес әттең-ай
Үлгі тұтар ананы аз көретін сәттер-ай
Шылым шегіп барады еркек емес әйел-ай

Ата түрік үйінде қош айтысқан сәттер-ай
Қарттар отыр үйінде өз үйі емес әттең-ай
Ата түрік үйінде қош айтысқан сәттер-ай
Қарттар отыр үйінде өз үйі емес әттең-ай

Құрметтелмей тіл бүгін шобарланған сәттер-ай
Түсінбейді бір бірін ірі қазақ әттең-ай
Қыздарымыз оқыста ана атанған сәттер-ай
Бала жатыр қоқыста бесікте емес әттең ай

Әр адамның арманы әрі алуын сәттер-ай
Жыртық жыртық шалбары ақшасы көп әттең-ай
Әр адамның арманы әрі алуын сәттер-ай
Жыртық жыртық шалбары ақшасы көп әттең-ай

Әнші ақын дегені мыңнан көрген сәттер-ай
Адамдары өнердің бірен сараң әттең-ай
Шын достықты есептеп сағынышты сәттер-ай
Сыйластық бар десекте шынай емес десекте

Бәрімізде қайтамыз қайтпайтындай сәттер-ай
Атаулы сөз айтамыз тыңдаушы аз әттәң-ай
Бәрімізде қайтамыз қайтпайтындай сәттер-ай
Атаулы сөз айтамыз тыңдаушы аз әттәң-ай

Әлиғазы Төртқара, Әттең-ай lyrics, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Corrected text

29.06.2018
Users