Армандар орындалады lyrics

Әліби Өтепберген

2018

0
0

Share:



Өмірді жарық етер түнектен алып өтер
Әр жанның бір арманы болу керек
Талантың тасып тұрса,таулардан асып тұрса
Берілме қу тағдырдың сынағына

Қайырмасы
Армандар өмірде орындалады
Өшпесе кеудемде сенім алауы
Бақыттың ақ құсы келіп қонады

Өсігіп келер күнге үмітпен келемін мен
Қиялмен қанат қағып болашаққа
Өнердің тармағында жетемін арманыма
Алланың ақ жолында жүргенімде

Қайырмасы
Армандар өмірде орындалады
Өшпесе кеудемде сенім алауы
Бақыттың ақ құсы келіп қонады

Әліби Өтепберген, Армандар орындалады lyrics, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Corrected text

03.08.2018
Users