Lyrics
Сүйдім көзіңді , сөзіңді сүйдім,
Тәңірдің тартқан тартуы деп.
Сүйдім сендегі сезімді сүйдім,
Ыстық - ыстық салқыны кеп.
Жай сүю емес , жаныммен сүйем,
Жұлдызды түнмен сүйем.
Жүрегімнің әр лүпілдеп соққан,
Үнімен сүйем!
Қ/сы
Көріктім ең гүлден,
Өкпелемейсің бе ?
Шие - бал ерніңнен,
Мен сүйіп алсам!
Сүйдім көзіңді , сөзіңді сүйдім,
Сөзімнің мүлде жалғаны жоқ.
Сүйдім , сүйдім өзіңді сүйдім,
Сүйген жүректің арманы жоқ.
Жай сүю емес , жаныммен сүйем,
Көктегі күнмен сүйем.
Жүрегімнің әр лүпілдеп соққан,
Үнімен сүйем!
Соғады сен деп менің,
Соғады сен деп менің,
Соғады сен деп менің,
Жүрегім!
Соғады сен деп менің,
Соғады сен деп менің,
Соғады сен деп менің,
Жүрегім!
Сөзі: Әлібек Ермағали
Әні: Sezen Aksu
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).