Алдаспан тобы Көңіл шуағы (0) lyrics

Көңіл шуағы lyrics

Алдаспан тобы

Көңіл шуағы

0
0

Share:


Көңіл-күйің жақсы болса ырзасың
Көңіл-күйсіз, жүрегің де қорғасын.
Көңіл-күймен жүрген кезде,дос түгіл
Дұшпаның кеп,амандасса,ырзасың.
 
Қайырмасы:
Көркем еткен көңіліңді -ойдың шырағы,
Жайнататын өміріңді-көңіл шуағы!
Көркем еткен көңіліңді -ойдың шырағы,
Жайнататын өміріңді-көңіл шуағы!
 
Көңіл күймен қараңғы түн арайлы,
Жұлдыздар да жымың қағып қарайды.
Көңіл-күймен қыстың өзі көктемдей,
Жүрегіңе бір жылылық тарайды.
Көңіл-күймен салған ән де әсерлі
Көңіл-күйсіз жібересің есеңді.
Әр күніңді көңіл-күймен өткіз де,
Келер күнді көңіл күймен тос енді
 
Қайырмасы:
Көркем еткен көңіліңді -ойдың шырағы,
Жайнататын өміріңді-көңіл шуағы!
Көркем еткен көңіліңді -ойдың шырағы,
Жайнататын өміріңді-көңіл шуағы!
 






GM

Added Lyrics

20.10.2015