Share:




Lyrics



Аққудың баласындай
Көк мөлдір қарасың-ай
Бой жеттің, келбетің жарасып-ай
Әкешің жанашыр-ай
Қимай тұр анашың-ай
Ұяңнан сен ұшып барасың-ай

Қайырмасы:
Еліктей еркем
Көздерің көркем
Бақытты боласың сен
Анаң мен әкең
Қимай тұр өлкең
Үмітті ақтай біл сен

Жүретін мақтап елің
Жүрегің аппақ еді
Сүйкімді сіңілім әп-әдемі
Еркелеп кейде күле
Жүр едің үйде міне
Бара ғой ал енді сүйгеніңе



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

29.04.2019