Welcome to Kazakhstan lyrics

Алау тобы

2015

4
0

Share:



Жайнап тұрар күлім көздері,
Қызы -  көркем, жылы сөздері.
Осындай өзге қандай ел бар?
 
Ұлы  - жарқын, көркем мінезді,
Көңілі - адал, үні - әуезді,
Көрдің бе, сен?
Мұндай өзге ел бар ма?!

Қайырмасы:
Гүл бағың жайнаған,
Бұлбұлдар саялаған.
Өзенін, көлдерін,
Күн нұры аймалаған.

Көк мұнар тауларын,
Көк аспан аялаған.
Бұл жерде сан жыл тоғысқан,
Қаншама тағдырлар табысқан.

Welcome to Қазақстан,
Еліміз шақырады.
Welcome to Қазақстан,
Осында қызықтың бәрі.

Welcome to Қазақстан,
Әлемге жар салады.
Құшақ жайып бәріңді,
Қазақ елі қарсы алады.
 
Өлең-сөзді жаны сүйетін,
Өнерді асыл сыйлай білетін.
Осындай өзге қандай ел бар?!
 
Орнымен ойнап-күлетін,
Жайдары жас жайнап жүретін,
Көрдің бе, сен?!
Мұндай өзге ел бар ма?!
Алау тобы, Welcome to Kazakhstan lyrics, 2015
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

әділ

18 2016

молодец колодец күшті айтасыңдар жігіттер

Мерей

28 2016

тамаша, керемет, бир созбен айтканда супер.

Admin

Corrected text

21.06.2018
Users