Алашұлы тобы Сәйгүлік lyrics

Сәйгүлік Алашұлы тобы

2022

2
0

Share:




Lyrics


Кездерде кейде қара бұлт айды бүктеген,
Үйіме үнсіз тұнжырап қайғырып келем.
Талықсып жатып содан соң кетемін ұйықтап,
Ұйықтап кетсем түсімде сәйгүлік көрем

Қайырмасы:
Мінем де шабам алдымнан аңғарлар қаптап,
Таулардан орғып өтемін, заңғарларды аттап.
Жарықтың жылдамдығын да жолда қалдырам,
Мен болсам — арман, тұлпарым — арманнан да әппақ!

Аққу сындымын бүгінде айдыны — қырау.
Қай жаққа апарып көмермін қайғын мынау.
Өңіме қарай бір кезек, шаппайсың неге?
Түсімде көріп жүретін сәйгүлігім - ау!
Өңіме қарай бір кезек, шаппайсың неге?
Түсімде көріп жүретін сәйгүлігім - ау!

Қайырмасы:
Мінем де шабам алдымнан аңғарлар қаптап,
Таулардан орғып өтемін, заңғарларды аттап.
Жарықтың жылдамдығын да жолда қалдырам,
Мен болсам — арман, тұлпарым — арманнан да әппақ!

Аққу сындымын бүгінде айдыны — қырау.
Қай жаққа апарып көмермін қайғымды мынау.
Өңіме қарай бір кезек, шаппайсың неге?
Түсімде көріп жүретін сәйгүлігім - ау Х2




Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

09.06.2022


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz