Алашұлы тобы Қапездің қоштасуы lyrics

Қапездің қоштасуы Алашұлы тобы

2022

2
0

Share:




Lyrics


1937-1938 жылдардағы репрессия Жетісудыда айналып өткен жоқ. Алашұлына бір- бірін сатпауға уәделескен Алаш зиялылары Қапездің үйіне жиналады. Қатарларынан ұсталған Ораз бен Ыдырысты кімнің ұстап бергені белгісіз еді. Алаш зиялылары осы жиында қажет болса Алаш үшін жан беруге серіктес еді. 1937 жылдың желтоқсанында халық атты желеумен Қапез Байқабылұлы айдалады. Елім деп жарғақ құлағы жастыққа тимей, аттың жалында жүрген Алаш ұранды азаматтарды өз Алашы ұстап бергеніне күйінген. Елімен қимастықпен қоштасқан бұл Қапездің әні еді.

Алаш қонған ақбоз үй бос қалдыма,
Жетім- жесір қасымда дос қалдыма
Өкінбейін десемде, өзегім бар ооо
Өтіп кетті- ау дүние қасқағымда

Қайырмасы:
Әзәзілге сендіңбе? Айтканына көндіңбе?
Халқым деген Қапезді ол жау деп ұстап бердіңбе? Оооооо
Ит шеткенге айдаған кері заманның әлегі ,
Бұл- бұл құстай сайраған
Бұл Қапездің әні еді оооооо
Игигай игигай оооооо

Қалып барады артымда балапаным,
Аямасын ағайын алақанын
Кебін емес кебінек киіп барамын,
Қош есен бол ақтоғай Алатауым…

Қайырмасы:
Әзәзілге сендіңбе? Айтканына көндіңбе?
Халқым деген Қапезді ол жау деп ұстап бердіңбе? Оооооо
Ит шеткенге айдаған кері заманның әлегі ,
Бұл- бұл құстай сайраған
Бұл Қапездің әні еді оооооо
Игигай игигай оооооо



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

02.04.2022


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz