Әл-Фараби Бекарысұлы Найзағай көңіл (2018), lyrics

Найзағай көңіл lyrics

Әл-Фараби Бекарысұлы

2018

3
0

Share:



Сезімнің қуат күшіне ердім
Өімрдің сынақ ісіне көндім
Аңсаумен талай шаршаулы едім
Ақыры сені түсімде көрдім

Қайырмасы
Жүруші ем сені айнала торып
Алды артымды да болжамай толық
Қашаңғы бұлттай жабырқай берем
Жарқ етейінші найзағай болып
Жарқ етейінші найзағай болып

Жан айқайымдай жаңғырған әнім
Бойымда барда алғыр талабым
Бұғаулы қолмен бұзып шығармын
Шойын қақпалы тағдыр қамалын

Қайырмасы
Жүруші ем сені айнала торып
Алды артымды да болжамай толық
Қашаңғы бұлттай жабырқай берем
Жарқ етейінші найзағай болып
Жарқ етейінші найзағай болып

Аққуы болсаң шалқар көлімнің
Өзіңе үлкен артар сенімім
Жанартау жүрек жарыла жаздап
Дариядай тасып дархан көңілім

Қайырмасы
Жүруші ем сені айнала торып
Алды артымды да болжамай толық
Қашаңғы бұлттай жабырқай берем
Жарқ етейінші найзағай болып
Жарқ етейінші найзағай болып






базаралы

Corrected text

27.04.2019