Рамазан lyrics

Ақжол Ниязқұлов

2019

0
0

Share:



Уа нұрға толы сырға толы көркем айым
Сен жыл он екі ай бізбен бірге болшы ардайым
Көңіл әрқашан бір сені сағынады
Рамазан рамазан сағынышым рамазан
Рамазан,рамазан
Жүректердегі азан

Сен жаратушың махаббатын төккен айсың
Сен иман гүлі бүршік жарған көктем айсың
Үміттің шамы бір өзіңмен жағылады
Рамазан рамазан сағынышым рамазан
Рамазан,рамазан
Жүректердегі азан

Нұрлы ақшам аппақ таң сары
Рухымыздың орындалып аңсары
Сарайым қуантасың қабыл болып ендігі
Сөнбеді жүректен сенің рухың рамазан
Рамазан рамазан сағынышым рамазан
Рамазан,рамазан
Жүректердегі азан
Ақжол Ниязқұлов, Рамазан lyrics, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Corrected text

17.05.2019
Users