Мектебім lyrics

Ақжібек Мейірханқызы

2019

0
0

Share:



Қызықтырақ болатын бұрын бәрі
Өткеніме арналған жырымдағы
Жігіттердің бойымен ойы өсіп
Арулардың қысқарды бұрымдары

Қайырмасы
Қайран күндер қайдасың, сұрап тұрмын?
Балалықты қай жаққа лақтырдың
Келмес күндердің қызықты сәттерінен
Мектебімнен алыстап бірақ білдім

Жұлдыз жарық бүгінде айымда аздап
Өлең жазып жастықтың жайын бастап
Оқу жылы кездері кетемін ақ
Студенттік күндерге айырбастап

Қайырмасы
Қайран күндер қайдасың, сұрап тұрмын?
Балалықты қай жаққа лақтырдың
Келмес күндердің қызықты сәттерінен
Мектебімнен алыстап бірақ білдім

Оқу жылы кездерім жадымда жүр
Жастығымның қалғаны барында жүр
Білмеппін ау есейіп кетерімді
Сол бір күндердің бары сағым қазір

Қайырмасы
Қайран күндер қайдасың, сұрап тұрмын?
Балалықты қай жаққа лақтырдың
Келмес күндердің қызықты сәттерінен
Мектебімнен алыстап бірақ білдім


Ақжібек Мейірханқызы, Мектебім lyrics, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Corrected text

22.05.2019
Users