Ақылбек Жемеңей Тәуба lyrics

Тәуба lyrics

Ақылбек Жемеңей

2018

13
1

Share:



Біреудің басы дауда жүр,
Біреудің басы жауда жүр,
Əмірі жаратқанның оның бəрі.
Дүние, базар, сауда - бір,
Ақылың болса тәуба қыл
Қанағат барға қолыңдағы!
Құлағанды көрсең демеу бер, көтер!
Еңбегің болмайды бекер.
Басқаның күні өзіңе де жетер,
Баянсыз бəрі де өтер.

Қайырмасы:
Тəңірге тәуба күн менен түн берген,
Көретін көз бенен сөйлейтін тіл берген!
Тəңірге тәуба ауа мен нұр берген,
Соңымнан еретін қыз бенен ұл берген!

Күндестің ойы арызда, кедейдің ойы қарызда,
Жетеді оңайлықпен кім арманға?!
Келсе де дауыл тосыннан ажырай көрме досыңнан,
Тағдырға кейде сыналғанда!
Бес күндік жалғанда жалында, лаула!
Жақынмен жасырма сауда!
Өзің таңдаған бағыттан аума!
Пенденің ұраны - тəуба!

Қайырмасы:



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

10.11.2018
Music Videos
Ақылбек Жемеңей
Тәуба


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz